26.07.2022
  171


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ЖҮРГІЗУШІ

Балалық қыр астында ойнап қапты,
Жиырма бес жігерді ерттеп, ойды ақтартты.
Құйғытқан ала таймен менің досым
Бүгінде машинаны ойнақтатты.
Бірде жай, бірде ызғарлы күздің желі,
Сияқты зейнет, бейнет тізгіндері.
Қатар кеп, тамыздарда тұрып қалып,
Жығылды ми батпаққа күз күндері.
Кейбір қыс машинасын сан қатырды,
Кей күндер кұлан иек таңда тұрды.
Жаз болса жайлауға әкеп шопан үйін,
Көз ілмей талай рет таңды атырды.
– Көп күннен жаңа ғана кеп тұрғаным,
Бейне бір шаршағандай боп тұр, жаным.
Соңда да қайт етем бе қауырт шақта,
Мақұл-ақ бастық айтса, – деп тұрғаны.





Пікір жазу