meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2022
  140


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ЖОЛДА

Қара бұлт ірік-ірік жауып кетті,
Боз тұман ылди, сайға ауып кепті.
Табиғат жалбыр бұлттың желінінен,
Сырлатып күз жаңбырын сауып кетті.
Жүйткиді поезд асып белес-белді,
Ауылым көз алдымда елес берді.
О, дала, сағыныппын байтағыңды,
Бетімнен сүйіп самал жел ескен-ді.
Жарысып машина жол қалмайды әлі,
Қапталда ауыл жатыр мал-жайдағы.
Жарқ етіп өз әкемдей көзіме ыстық,
Қойшыға қол бұлғаймын шалғайдағы.





Пікір жазу