26.07.2022
94
Курорт пен қу дерт
Соңғы кезде сиқым
Ақылына түсіп қиқым
Желігіп жүр,
Олай дейтініміз,
Құдай қосқан қосағы
Қара кемпірінен жерініп жүр.
«Папалаған» бес баласының да
Маңдайынан иіскеуге ерініп жүр.
Турасын айтып,
Толық түсіндірсек жайтты:
Сиқым жақында
Курортта болып қайтты.
Барысымен ол жаққа,
Ұмыт болып әйелі
Түсіріпті қармаққа
Бір «періштені» әдемі.
«Бай тұрады,күйі бар»,- дейді,
Қаланың ортасында
Бес бөлмелі үйі бар,-дейді.
Әкесі де қызметкер,мықты екен,
Тек айыбы...
Әлдебіреуден жүкті екен...
Әйтсе де жас емес пе,
Сиқымның көкейін тесіп жүр.
***
Әттең,кейбір жігіттер
Осылайша оп-оңай
Тағдырларын шешіп жүр.