Идея
«Әйелге көмектесіп
Үй жұмысын
Бөлісу керек»,-десіп
Жазылып та жүр,
Айтылып та жүр.
Ал, енді осы пікірде
Дұрыстықпен бірге
«Қайшылық» та жүр.
Өйткені, әйел деген халық
Біздің мойынға қамыт салып»
Соңғы кезде жоқтан өзгеге
Жұмсайтын болып алды.
Қысқасы, билік біткенді
Түп –түгел қолына алды.
Сондықтан, еркектер қауымына
Яғни, бөрік кигендерге,
«Шыбық тиіп» сауырына
Әйелге басын игендерге,
Қол балалық қорлық боп
Жүйкесіне тигендерге
Мына менің тамаша
«Идеям» бар айтатұғын:
Әлгі басынған бәйбішеңмен
Ерегесіп байқа бүгін.
Ерегесу- нәрсе емес,
Іздейтіндей ел кезіп.
Мәселен, жұмыстан келгесін
Кухняға жолама.
/Бұл түсінікті ғой/
Көкейіңе қона ма?
Аштан өлсең де ауыр міндет
Тағам дегеннен татып алма.
Те-е-к газетіңді «оқи бер»
Диванға жтып ал да.
Бір кезде әйелің сені
Бұрынғыша иектеп,
Жұмсамақ бір ниетпен
Кухняда отырып шақырад,
Сен әрине,бармайсың,
Болмағасын айқайлап, ақырад,
Мейлі, сенде жалғыз міндет –
Бүгін тілін алмайсың,
Енді ол сені бақылап,
«Ұйықтп қалды ма, деп ақымақ?»
Жаныңа келіп бақырад.
Сен «газет оқып» жата бер
Құдды мылқау жандайсың...
***
Ал , оқушым, кейін жазам,
«Идеямның» жалғасын.
Себебі, ана бөлмеден:
-Өлең жазып болғасын
-Нан әкеліп қой,тез,-деп
Айқайлап жатыр жолдасым.