26.07.2022
187
БАЛА ҰЙЫҚТАТУ «ӘДІСІ»
(сықақ)
Қонысбай
Құйрықтан қағып баласын,
Ұйықтатудың
Істеп отыр шарасын.
Аузында – «ертегі»,
«Авторы» - өзі,
Қып-қызыл ғып шертеді:
-Баяғыда бір дәу
Айдаһар өмір сүріпті.
Ол қалың орманда
Емін-еркін жүріпті.
Айдаһардың бір емес, екі емес...
Жеті бірдей басы бопты.
Және адам деген асы бопты.
Адамның да
Кәрісі қатты деп,
Жастауы тәтті деп,
Сен сияқты баланы
Іздеп жепті жаңағы...
Ал, енді ұйықтамасаң –
Сені де жеп алады!
Қой, деймін,
Улы тілін сұғ-ғып алады!
Әй, Айдаһар!
Келмей-ақ қой
Менің балам «ұқы» болады.
Әне!.. Естідің бе...
Есіктің сыртынан
Ыс-с-с етіп кетті...
***
Баласы ұйықтаған жоқ,
Қорыққаннан
Іші өтіп кетіпті.