26.07.2022
  133


Автор: Медет Дүйсенов

ҚАЗАҚСТАН

Өмірдің осы құлпырған,
Бақ гүлі – Қазақстаным!
Көңілдің хошы, жыр тұнған,
Шаттығы – Қазақстаным!
Жайнатып жанды жібердің,
Ертегі сын -ды ғажабым.
Осынау байтақ Ұлы елдің,
Иесі өзің қазағым!
Маңғыстау менен Атырау,
Алатау, Алтай, Арқаның.
Байлығы шалқып жатыр-ау,
Еңбекке бөлеп әр таңын.
Есілде жүзген аққудай,
Қондырған Алтын Ордасын.
Басыңда мәңгі бақ тұрғай,
Бабалар жебеп қолдасын!
Әлемге шалқып тараған,
Жүректі баурап Ұраны.
Қалықтай ұшып қараған,
Күн астындағы қыраны.
Көл-көсір дала құшқаным,
Қандырған мейір қайнары.
Бұл менің Қазақстаным,
Көгілдір аспан – байрағы!





Пікір жазу