ҚАРАҢДАРШЫ?..
Байлық-билік, жалап соның табанын,
Бір-біріне көз алартып жүрген көп.
Теңгере алмай таразының табағын,
Патша-көңіл, ауыр ойдан жүр меңдеп...
Елменен ел мүйіздесе бір-бірін,
Қайран қалып тас-төбеде тұрар күн.
Шошытқандай, бұқараның мұңды үні,
Жоғалады ішіне еніп мұнардың.
Деміңді бас,құр даурықпа,Дау-дамай,
Жетер,жерді тері сынды кергілеу...
Жарақаттап алмайықшы аңдамай,
Маңдайдағы жалғыз ұлдай,жер-біреу!
Секектеген саналар бар,сандалған,
Бұлың-бұлың жолға түсіп қоян жым.
Шартарапқа қарап тұрып шаңданған,
Абыз ақыл азаныңды айт,оянғын!
Өмір үшін өліп-талып жол шегер,
Толғантпай ма,құмырсқа тірлігі?
Болса бізде, мұқтаж болмас едік-ау,
Тап солардың тату-тәтті бірлігі.
Тамам болды осыменен,бұл өлең,
Адамзаттың тағдырына алаңдар...
...Жалғыз илеу-жалғыз үйден дүреген,
Құмырсқаға қараңдаршы,адамдар?!..