26.07.2022
99
ЖАҢБЫРДАН СОҢ
Сияқты ма, ақтара, сыр ашқан жан,
Жаңбыр болып жауып тұр, нұр аспаннан.
Толас таппай тасқыны тамшылардың,
Көкжиекке қара бұлт ұласқаннан.
Көре-көре шаршаған, шаңды ғана,
Ақ жаңбырға жуынып алды дала.
Шырайына сұлулық шыға келген,
Манаураған манағы маңды қара!
Қызыл ерні үлбірей гүл ырғалып,
Ғашық еткен оны да, ғұмыр-жарық.
Құштарлығым шақырып қол бұлғады,
Жүрегімде бір үміт бүрін жарып.
Қалсын бәрі жайына, бір күнгі есеп...
Жанымыздың жырлайық бұлтын төсеп.
Табиғат та жаңғырып жатқанында,
Болмайды, дос, біз де бір сілкінбесек!