26.07.2022
  87


Автор: Медет Дүйсенов

МАҢҒЫСТАУ

Сен мен үшін шынарсың, шың-құздағы,
Кие тұтқан даласын ұл-қыздары.
Жауға түсіп жасындай,
жанын қиып,
Жерге келіп құлаған Жұлдыздары.
Маңғыстауым – жанымды жебер есім,
Алыс кетсем, түсіме сен енесің.
Сағынышым симайды шарасына,
Көңілімнің көмкеріп кенересін.
Туған жерім! Төрінде тербе көктің,
Қызуына жылындым сендегі оттың...
Маңғыстауда тұрамын мұнара боп,
Маңғыстауым болмаса, мен де жоқпын!..





Пікір жазу