26.07.2022
102
ШАБЫНДЫҚТА
Балбырап жатқан жон, алап,
Бозала таңның алдында.
Қырғидай тиді қол орақ,
Жайқалып тұрған шалғынға.
Не болды, дүние, әдемі ең?
Құрақтар ыршып, ырғалды-ай.
Жел емес, мынау «бәледен»,
Дірілдеп бойы тұрғандай.
Аспанның қашып нұрлы өңі,
Қапалы дерсің маздақ қыр.
Мөлдіреп шықтар гүлдегі,
Төгіліп кете жаздап тұр...
Шабылмай қалған бөктерде,
Балапан шөпке ғұмыр бер!
Тек, қаулап қайта көктер ме,
Көгінен ада түбірлер?!