26.07.2022
  104


Автор: Медет Дүйсенов

БІТЕ...

Адалдықтан тұл дене,
Шәртік қарын іркілдеп.
Дәметеді бірдеңе,
Бақа бұғақ бүлкілдеп.
Алға түскен ақшалар,
Көрінгенде көз қарып.
Саусақтары бас салар,
Қырқаяқтай қозғалып.
Мейманасы тасыды,
Бишік етіп билікті.
Алшы түсіп асығы,
Бұл күндерде, күй мықты!
«Парақор» деп жүр атын,
Немене, бұл, жұт емей?!
Түте-түте қылатын,
Түскен жерін бітедей...





Пікір жазу