26.07.2022
  88


Автор: Медет Дүйсенов

Жүйке-қобыз, қылы қатты бұраулы...

Жүйке-қобыз, қылы қатты бұраулы,
Жазысы жоқ, қом өркештен жыр ауды.
Аяз қысып алды-дағы ақшұнақ,
Көңілімнің терезесі қыраулы.
Арамзалар хамелеондай өзгерді,
Байлық күші батыр қылды ездерді.
Сауда деген сиқыршыға арбалған,
Қалай ғана ұйытармын сөзге елді.
Бойды билеп алды жоқтық шарабы,
Күл-қоқыста қалды таздың тарағы.
Бәрін сатып, бара-бара кейбіреу,
Арын сатып жүрмесе, тек жарады!..
Нарық деген сияқты бір нақ сынақ,
Мұқтаждардың мұңын ұққам жақсылап.
Отырғаным: жыр жазарда, жабырқау,
Оқырманым жүр базарда бақ сынап.
Кеудем-қойма, сөзге толы сұраулы,
Кермек ойға берілемін, құраулы.
Дүниенің жылы демін аңсаған,
Көңілімнің терезесі қыраулы...





Пікір жазу