26.07.2022
  107


Автор: Медет Дүйсенов

Жан-жаққа құстар тарады...

Жан-жаққа құстар тарады,
Керуен тартып қаз-қатар.
Жылы жақ іздеп барады,
Тіршілік отын маздатар.
Ұшумен жүрді күн ұзақ,
Аспанның төсін шимайлап.
Қайтсін-ау, кетпек тым ұзап,
Мекенін туған қимайды-ақ.
Кім білсін, мынау құстардың,
Қаншасы аман оралар?
Қаншасы ұзақ ұшқанның,
Қанаты талмай қона алар?
Келер-ау құстар көктемде,
Жер үнсіз жатыр, мұңдана.
Құстары ұшып кеткенде,
Қайғырады екен бұл дала.





Пікір жазу