26.07.2022
  87


Автор: Медет Дүйсенов

НАТЮРМОРТ

Айдындай, толған шарасы,
Тұр міне самсап бар асы.
Жайылған дастарханы да,-
Қазақтың байтақ даласы!
Аққұман шоқта, от-демі,
Үйде жүр дала көктемі.
Толысып піскен таба нан,
Күн көзі бейне көктегі.
Анардай, апорт алмаңды-ай,
Қазы мен жая, жал қандай!?
Шашылған сары бауырсақ


Шұбырған балапандардай.
Алуан тағам арбай ма,
Тамсанбас бұған жан қайда?!
Аңқыған шырын шұбаттың,
Қалғандай дәмі таңдайда...





Пікір жазу