26.07.2022
  109


Автор: Медет Дүйсенов

ҚАҒАНАҒЫҢ ҚАРЫҚ ПА?

Қағанағың қарық па,
Сағанағың сарық па?
Кеш дегенің жарық па,
Ешкілерің арық па?
Көргендерің анық та,
Көрмегенің танық па?
Орнында бар оңалып,
Өшкендерің жанып па?
Немкеттілеу парыққа,
Еңбекті жеу қалып па?
Саудагер ғып шығарған,
Назың бар ма нарыққа?
Қағанағың қарық па,
Сағанағың сарық па?
Қара жердің құты еді,
Жусан бүрін жарып па?
Қағанағың қарық па,
Сағанағың сарық па?
Салып па едің сыбаға,
Қара қазан – халыққа?!.





Пікір жазу