26.07.2022
  134


Автор: Медет Дүйсенов

ҚАМШЫ

Талыс қылып тіндерін,
Тобылғымен саптаған.
Төрімде тұр бір керім,
Әшекейлеп аптаған.
Тектілікті сезіне,
Күйін ұғам, фәнидің.
Қараймын да өзіне,
Жігерімді жанимын.
Болса-дағы болаттай,
Есетіндей мұңлы леп.
Жамандықты жолатпай,
Жонып өткен тілгілеп.
Араласса ар үшін,
Жым болыпты желік, дау.
Өзегіне намысын,
Бабам қоса өріпті-ау!
Жұмбақ оның бар сыры,
Қилы-қилы кешті жол.
Тіледім мен қамшыны,
Ұстағай деп есті қол...





Пікір жазу