26.07.2022
  67


Автор: Медет Дүйсенов

Ағылған бұлақ, төсі бау...

Ағылған бұлақ, төсі бау,
Отырған жерге, биікте ел:
Жаңбырсыз жаздың кесірі-ау,
Қаптады тауға киіктер.
Қарайды-ау алға жаудырап,
Кеңістік аңсап жанары.
Болды ма жайсыз, таулы жақ,
Қажалып тасқа табаны?!
Суға да мөлдір қанарсың,
Жасқанба құздан, тарт алға!
Шыңдарда сайран саларсың,
Еліктеп асау арқарға.
Қалдырып түздің алабын,
Келіпсің таулы жерге осы.
Жүйрігі сайын даланың,
Мертігіп қала көрмеші!..





Пікір жазу