26.07.2022
  79


Автор: Медет Дүйсенов

КЕЛЕДІ ХАТТАР

Шаттық ап хаттар жетеді,
Шоқтарын үрлеп өмірдің.
Мұңайтып бірі кетеді,
Бұлт басып күнін көңілдің.
Шуақты сөзден гүлдесең,
Жадырап жүзің таңша атқан –
Ұшасың хатпен бірге сен,
Құшасың досты ансатқан.
Сыр шертіп маған сөйлеген,
Хатты ұқтым жүрек жыры деп.
Отырған шақта ойменен,
Қалыпты-ау тағы бірі кеп.
Толқып та жаның тұрады-ақ,
Сияқты бейне бұл бір сын.
Мұңайтар ма екен мына хат,
Қуантар ма екен, кім білсін?!





Пікір жазу