26.07.2022
  121


Автор: Медет Дүйсенов

ҚАРТ ҚАДІРІ

Көбі кетсе де ғұмырдың, азы ғап әр күн,
Өлерін ойлап өксімес, қазына қартым.
Жайсаң жаныңды жалтақсыз теңесем болар..
Табиғатымның тамаша жазы ма, қалпың!?
Бір үйдің емес, жүруші ең алаш қамында,
Қараңғы қашып, пердесін таң ашқанында.
Талма аурудай ұйықтайтын тал түске дейін,
Ақылын енді кім айтар адасқан ұлға?!
Қорғаныш қалқан сияқты қариям барда,
Соғып жататын дүрілдеп дариям жарға!
Қадірін қарттың тірлікте кеш ұғып келген,
«Сақалды жетім» жандардың бәрі де арманда.
Бір ауыз сөзің білгенге маржандай дер ем,
жазып қалдым, үзілді жалғанбай
өлең...
Маңдайға біткен бағымдай шалқар мұхитым,
Тайыздап қазір тереңім қалғандай көрем.
Дүниеде мынау, ішінде келем дүбірдің,
Шорланып қалған жаза алмай шеменді бүгін.
Қыдыр ата деп жүргенім қиялға сеніп,
Өзің екенсің қартым-ау, мен енді білдім!





Пікір жазу