26.07.2022
  87


Автор: Медет Дүйсенов

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

Ұрпағын аялайтын,
Сұңқарын саралайтын.
Ер үшін туған ерлер,
Жақсыны жағалайтын.
Алланың нұры жаусын


Ассалаумағалейкум!
Күнәсіз баладай, кім?-
Бақытын табады айқын!
Кетер мұң құстай ұшып,
Жанарын қамамай түн.
Алланың нұры жаусын


Ассалаумағалейкум!
Арамды қаламайтын,
Адалды бағалайтын


Жаныңа, төге бергей,
Сәулесін саған ай, күн!
Алланың нұры жаусын


Ассалаумағалейкум!
Ассалаумағалейкум!





Пікір жазу