26.07.2022
258
ҚАРА ҚАЗАН
Әкем өлген, жарым өлген
Сол «межеге» барып өлген...
Қазан дейтін айым бар
Уайым жейтін жайым бар...
Алаңдаймын қазан -айға –
Тағы мені мазалай ма?!.
Болар екен күнім не?..
Қазан – айым, мұның не?..
Дертім бар ғой жанды жеген...
Той-садақа қалды менен!..
Той-садақам өзімде
Жүрегімде, көзімде!..
Біреулердің өліміне
Қарай алман көңіліне...
Көңіл- айнам-қараңғы...
Ақыл да жоқ жарамды...
Жасыл жазым еңсеріліп,
Қара қазан төңкеріліп,
Басып қалған күйесі
Мен сорлыға тиесі...
Сөздерім де күйе-күйе...
Келдім жардың жиегіне...
Қара қазан, құтырма,
Иманымды ұшырма!.