26.07.2022
  92


Автор: Мырзатай Болат

КҮЗ.ОҚУ.

Тамызымды тауыстым –
Қыркүйекке ауыстым...
Мініп кетіп тайына –
Ойын қалды жайына...
Қара жерді терлетіп,
Жаңбырлатып, желдетіп.
Ойға бөлеп біздерді


Мазасыздау күз келді...
Жалқаулықпен шығыстым


Енді оқуға кірістім...
Кітаппенен шөлімді


Қандыруға кірістім.
Ілім-білім тоғысар,
Шеке мимен толысар!..
Терсем күздің жемісін –
Ол да менің жеңісім!..





Пікір жазу