26.07.2022
92

КҮШІК
Ауламызға үретін-ді,
Құлдыраңдап жүретін-ді...
У жұтты да бір күн күшік –
Тапты барып күресінді!..
Мынаусы да бірден ұшып...
Құтаймады бізге күшік!..
Қаңсып қалды итаяғы...
-Жандос*, тағы ізде күшік!..
...Мұның аты – Саққұлақ па?..
Еркелетпе, шапқылатпа!..
Сарайға апар, естілмесін
Үрген үні жат құлаққа!..
Табылды ғой «жұмыс» маған,
Енді қалай тыныш табам?..
«Күшім-күшім!..»- дей ме біреу?..
Кәззап шығар у ұстаған!..
Бұған әзір бекембіз-ау...
Сақ төбеттей екенбіз-ау!..
«Бұ қайсың?..»- деп арпылдаймын –
Итке айналып кетерміз-ау!..