26.07.2022
73

ШАНДА-ШАНДА...
Өлеңді мен жазамын шанда-шанда...
Онда да қыста келер анда-санда.
Қар жауса – тазарады жан жүрегім...
Сондайда деймін: «Шабыт, самға, самға!..»
Өлеңнің сан қиясын шарласам да –
Сөз табам қабырғамды қармасам да!..
Келмейді жұлығымнан Шөмішбайлар* -
Абайдың аңғарына бармасам да!..
«Үздірмей – сөздің көшін жалғасам ба?..» -
Десем де – батып қалам жазда шаңға!..
Қап бәлем, жапалақтап қар жауып тұр –
Өлеңнен бар «өшімді» алмасам ба!..