26.07.2022
  99


Автор: Мырзатай Болат

СӘЛЕМ АЙТТЫМ ШАЛДАРҒА!..

Пысықтар – татымайтын талғамына!..
Таң қалам Жетібайдың шалдарына!..
Қинайды: - әкім бол!-деп жөнсіз мені,
Қарамай қоғамдағы «салмағыма!..»
-Турашыл, таза кісі - өзің! –дейді,..
-Ұнайды жазғандарың – сөзің!..-дейді.
-Сайлар ек бірауыздан әкім қылып –
Түтілді аналардан төзім!..-дейді.
-Көңілге-көңілден су бермек үшін,
Әкім-ақ болар едім сендер үшін!..
Мен деген – ақынмын ғой!..Жаралмаған
Астаудан – жалған сөйлеп жем жеу үшін!..
Кім мені сыйғызады ондай жерге?..
Түрткілеп шығармай ма –«иесі» кімге?!.
Мылқау күш – жүріп еді қашан жөнге?!
Тазалық – шығып еді қашан төрге ?!.
Заманың – түкіре ме арманыңа?..
Құдайдың – көнесің де салғанына!..
Биліктің – кіре алмаспын шарбағына!.. –
Деп бүгін сәлем айттым шалдарыма!..





Пікір жазу