26.07.2022
  174


Автор: Мырзатай Болат

МИРАС

Сағынып бауыр – қимасты,
Көкіректі мұң басты!..
Көзіндей көріп өзінің –
Құшақтап сүйдім Мирасты!..
Жанарымнан жас шықты –
Көңілдегі тас шықты!..
Жүрек- күбірткейлінің
Сары суын шапшытты!..
Үндемейді ұл Мирас,
Көп ойнамай жүр Мирас.
Алты жаста әкеден –
Қалып еді бұл Мирас.
Жарқырап тұр күн бүгін,
Жадырашы, құлдығым!..
Енді қайтып тағдырың,
Көрсетпегей сұмдығын!..
Жетім қалған үйіңнің –
Көтереді жүгін кім?..
Кенжесі ғой бұл Мирас –
Былтыр өлген інімнің!..





Пікір жазу