26.07.2022
100
ЖАҢБЫРДАН СОҢ
Жаңбырға бөккен даланы-ай!..
Шомылған... дені тазаны-ай!..
Мөлтілдеп жатқан шұқанақ –
Көрінер көзге танадай!..
Жаңбырдан соңғы ауаны-ай!..
Көкірек ашқан ғажап –ай!..
Иісің неткен тәтті еді,
Мөлдіреп жеткен самал-ай!..
Ішімді мұңым жаламай,
Күмпиді көңіл сабадай!..
Шүпілдеп қана отырмын
Қымызға толған шарадай!..
Мәз болды жаным баладай,
Көтердің көкке ағадай!..
Не дейін саған, не дейін?..
Мейірбан Күнім – Анам-ай!..