26.07.2022
122
ҚАЛАМҚАСТАҒЫ МҰНАРАДАН РЕПОРТАЖ
Жатқан еді ұйқыға тұншығып қыр,
Таң алдында жігіттер құлшынып бір...
Арпалысқан сәт еді қайрат-жігер...
Фонтан атты қара Жер жұлқынып бір!..
Мұнайшылар бір-бірін аймалап құр,
Бақыт – тамшы көздерден тайғанап жүр!..
Аппақ болып тістері жарқырап жүр...
Үстеріне қап-қара май борап тұр!..
Әлі талай осылай таң атады,
Тамсантып, құдіретіне қаратады!..
Ашыла бер бер еңбекші Маңғыстаудың
Май-май болған ырысты алақаны!..