26.07.2022
101

МАҢҒЫСТАУЫМ МЕНІҢ!
Абыл күйінен от болып сазынан демін,
Қашаған – жырмен сірә да,
Жазылар ма едің?!
Сұр замандардың тоңына
Көмілген бақыт,
Көп күттірдің-ау
Жұртыңды, қазынам менің!..
Құт – мекен болып жалыннан
Жаратылғандарға!..
Тарта бер енді, алыбым,
Замандарды алға!..
Мен сенің алауларыңды
Алдымнан көрем –
Мәңгілік бақыт іздеген
Адамдар барда!..