26.07.2022
110

СЕНІ ОЙЛАСАМ
Демеймін мен мынау күндер өтпеді –
Өзің бөлек араны ашып кеткелі.
Ақырындап жабылып-ақ жатады
Өмір – ағын күндерімнің беттері...
Мінезім бар баяғыдай аңқылдақ,
Күлсем солай бұрынғыша жарқылдап!..
Көкіректен ұшып кетіп жатасың
Бір-екі ауыз өлең болып там-тұмдап...
Көңілім сол кеңдігіндей даланың,
Өзің жайлы сырғиды әлі қаламым...
Сен кеткелі өзгермедім десем де,
Сені ойламасам – бір өзгеріп қаламын!..