26.07.2022
  77


Автор: Мырзатай Болат

КҮН МЫНАУ...

Достарменен биікте бір ән салып,
Жүрші бірге, тауға шығып қайталық.
Құшақ жая күлім қаққан күн мынау,
Үйде жалғыз қалғаның не, құрбым-ау!?.
Бұлттарменен жатқасын ғой қосылып,
Алатауды биік дейді осы жұрт.
Сол биікте төбемізден сүйіп күн,
Көңіліміз биіктесін сүйіктім!..
Балалықты тағы да бір келтіріп,
Қайтайық біз гүлге етекті толтырып.
Құшақ жая күлім қаққан күн мынау!..
Үйде жалғыз қалғаның не, құрбым-ау!?.





Пікір жазу