26.07.2022
164
СЕН ЖӘНЕ МЕН
Сен – мендегі қуанышсың шаттық құсын жырлатқан,
Сен – мендегі қайғысың ғой салмағы бар мың батпан!..
Мәңгі бірге бірге досым да – сен, басқа досым – мың елес..
Бітіспейтін жауым да – сен, басқа жауым түк емес!..
Сенен алыс, кетсем алыс – қайғыңды алып кетермін,
Шын қайғырмай білмеспін мен қуаныштың не екенін!..
Әттең, менің жүрегіме – қуаныш та сыяар ед,
Жылар жерде жыламасам – күлу маған қиямет!..
Мен жыласам, шын жыласам – теңіз болып кетермін!..
Сен бір қайық – толқынымда жалғыз желкен көтердің!..
Кеудемде сен зымырарсың қара дауыл айдаған,
Астан-кестен толқырмын мен –сені жатам аймалап!..