26.07.2022
88
АДАСҚАҚ
Шаттанып, тасып едім,
Білмеймін көз тиді ме?..
Сен-дағы ғашық едің,
Білмеймін, сөз тиді ме? - 2 рет
Адасқан мен болдым ба,
Жұлдызын айыра алмай?..
Аңыраған сен болдың ба,
Тұйғынын қайыра алмай? - 2 рет
Жапырақ желмен ұшып,
Күзгі бақ күрсінгенде –
Бақытты кездер үшін
Өкініп жүрсің бе, әлде? - 2 рет
Жастық-ай, сыймай жерге,
Құйқылжып, құйындаған!..
Мені енді қинай берме,
Бақытым бұйырмаған!.. -2 рет