26.07.2022
106

КҮЗГІ ЖАПЫРАҚТАР
Күзгі дауыл – табиғаттың жендеті,
Жапырақпен жауып жатыр жер бетін.
Қарақшы – уақыт шешіндіріп кеткесін –
Жасыл бақтың сарғайыпты келбеті.
Жапырақтар жанарында жас тұнған
Дірілдейді аяғыңның астында.
Долы дауыл екілене соғады –
Табиғаттың кәрі ауруы асқынған.
Жарқын жаздың бір белгісін көре алмай,
Көзім көрген суретке де сене алмай,
Кеудем – дауыл, жаным менің – жапырақ,
Тұрып қалдым, төрелігін бере алмай!..