26.07.2022
  109


Автор: Мырзатай Болат

КҮН БАТҚАНДА

Кешкі кез. Қызыл шапақ арайланып,
Барады түнге қолын жалғағандай.
Күміс ай көк аспанды шарайна қып,
Қарайды күннің көзін арбағандай.
Осы кез күн – сұлуға бір сын еді,
Қара түн жақындады қабақ түйіп...
Кәрі шал жайменен тек күрсінеді –
Кешкілік батқан күнге қарап тұрып.





Пікір жазу