26.07.2022
150

ЖҮГІРУ
Арым кешіп жүгірдім –
Табанымды сыдырдым!..
Тікен кіріп өкшеме –
Тызақтадым – бүліндім!..
Шағыл кешіп жүгірдім –
Батып-шығып, жығылдым!..
Құлық* жағып отырып –
Табаныма үңілдім...
Тауға қарай жүгірдім
Өкпем өшіп, сүріндім!
Тас біткеннің табанға –
Бататынын ұғындым...
«Тай жегендей – талабым» -
Бір тынымсыз баламын!..
Тарсылдаумен табаным –
Қашан тыным табамын?..
Кімге шаттық әкелдім?..
Кімге бақыт әпердім?..
Бар болғаны, әзірге,
Бақытымын әкемнің!..
Білмей өмір дерегін –
Таппай жанның керегін...
«Жетемін,-деп, - арманға
Жүгірумен келемін! 1965 ж.
Құлық* - құм жәндігі. «Табанына құлық жаққан бала – жүйрік болады» деген ұғым
бар.