26.07.2022
158
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-25-19-30-29.png)
ӘКЕ ӘЛДИІ
Айдай сұлу аппағым,
Сендей бала таппадым.
Бөленсін деп әлдиге
Сазды өлеңдер жаттадым.
Әлди-әлди, әлди-ай.
Өмірімнің өлшемі,
Жүрегімнің бөлшегі.
Жақсы адам болса деп,
Армандаймын мен сені,
Әлди-әлди, әлди-ай.
Алдыңда көп өтеуің,
Мықты болсын бекемің.
Балапандай талпынсаң,
Қанаттанып кетемін,
Әлди-әлди, әлди-ай.
Болашағым, жалғасым,
Көгіңді бұлт шалмасын.
Үміт оты әкеңнің,
Өз қолында лауласын!
Әлди-әлди, әлди-ай,
Әлди-ай, әлди-ай.