26.07.2022
129
САНДУҒАШЫМ, САЯ БАҒЫМ
Таңдағаным, танығаным,
Пәктігіңе табынамын.
Аз көрмесем дидарыңды,
Аңсап, шөлдеп сағынамын.
Жарық күнім, жаным менің,
Сенсіз кемір әлім, демім.
Өзіңменен өмір сұлу,
Таусылмайды әнім менің.
Алақанда аяладым,
Пейілімді аямадым.
Көз алдымда құлпыра бер,
Сандуғашым, сая бағым!