26.07.2022
  391


Автор: Бірғали Байекеев

МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕЙТОЙ

Шаттық есті шаңырақтан, ақ тілектер төгілді,
Келген қауым, үлкен кіші, бәрі бірдей көңілді.
Мерейтойдың мәртебесін жіберейік асырып,
Жарастықты татулықпен жасантайық өмірді.
Қайырмасы:
Ей, туысқан,
Аласармас тұғырдасың,
Мақсат жолың бұрылмасын,
Өсіп-өніп ұрпақтарың,
Ұзақ болсын ғұмыр жасың!
Мерейтойдың иегері, сен де бүгін тартынба,
Достарыңмен бірге ән сап, бірге билеп, жарқылда.
Туған күннің тамашасын қызықтау


Әлімсақтан дәстүрінде, қазағымның салтында.
Қайырмасы:
Тойларыңыз дүбірлеген тоқтамасын, таңға ассын,
Әр күн, әр түн бақыт сыйлап алға бассын.
Көңілдердің көк теңізі кемерінен шалқысын,
Төл мереке барлық үйде баян тауып, жалғассын.





Пікір жазу