26.07.2022
164
ЕСКІ ВАЛЬС
Жүректер үнсіз табысты,
Жанарлар жымың қағысты.
Кіршіксіз мөлдір қос сезім,
Қосылып алға жарысты.
Айналашы таңыма,
Сақташы мені жадыңа.
Аралап шырқау ғарышты,
әуелеп арман әні ұшты.
Тербетіп әуен ырғағы,
Денеге дене жабысты,
Сайранда бағыма,
Кездесіп тұршы сағына.
Жолдары неткен алыс-ты,
Жоғалтты жылдар танысты.
Еске алып сонау күндерді,
Билейік ескі вальсті,
Жолықтың тағы да,
Гүл ектің жаныма,
Күлімде, жадыра,
Оралттың жастық шағыма.