26.07.2022
  125


Автор: Бірғали Байекеев

ҚАЛА ҚЫЗЫ БАЛҒАНЫМ

Аңсағаным, аппақ арманым,
Күнде ойлаудан ешбір талмадым.
Іңкәрім-ау, білмей жүрсің бе,
Көп арудан сені таңдадым.
Қайырмасы:
Қабыл алшы өзің, ардағым,
Тұмар етіп әнімді арнадым.
Кездесетін енді бар ма күн,
Қала қызы сұлу Балғаным?!
Ажарыңа қарап қанбадым,
Жанарыңнан бір сыр аңдадым.
Ғашықтықтың күйін отына,
Үзілместей үміт жалғадым.
Қайырмасы:
Бейне гүл-гүл маңай, жан-жағың,
Үніңменен әсем ән-бағың.
Мөлдір сезім, төзім тең түсіп,
Бола алмадың асыл жан-жарым.
Қайырмасы.





Пікір жазу