26.07.2022
123
САҒЫНДЫМ
Жақын көрген, ақыл берген,
Қарттарымды сағындым.
Құрдастарым –сырластарым,
Аттарыңды сағындым
Еміренген , тебіренген,
Шешелерді сағындым,
Шаттандырған, аттандырған,
Көшелерді сағындым.
Қырға барған, тұнған арман
Бала күнді сағындым.
Көзі жанған сөзі қалған
Қарағымды сағындым.
Қуат берген, шуақ берген
Нәрлі күнді сағындым.
Ауылдастар қауымдастар,
Барлағыңды сағындым.