26.07.2022
  111


Автор: Бірғали Байекеев

ҮШ АТА

Алты құлаш ақ найзасын өңгерген,
Қайқы қылыш, сұр садақты меңгерген.
Шотан атам туған жерге ту тігіп,
Жауға шапқан ерлеріне дем берген.
Қайырмасы:
Қаратөбе төңірегі,
Батыр ізі көрінеді.
Қара жұрттың орынынан
Ақын жыры төгіледі.
Әулиелер рухымен
Жүрекке нұр себіледі.
Махамбеттің өзі пікір алысқан,
Өлеңдегі айбыны асқан арыстан.
Абыл атам мәрттігінен таймаған,
Жаратылған әділдік пен намыстан.
Қайырмасы.
Бодандықтың сырын бірден ұғынған,
Долы күшке қарсы тұрған мығым жан.
Досан атам егемен ел батыры
Күлімдейді ескерткіш боп тұғырдан.





Пікір жазу