26.07.2022
  243


Автор: Бірғали Байекеев

ТОЙҒА ТІЛЕК

Сезімдердің жақындатып арасын,
Екі жүрек тапты бүгін жарасым.
Жаңа күндей жаңа өмірге аттанып,
Қуантуда әкесі мен анасын.
Қайырмасы:
Жарқырасын шамдарың,
Арайлансын таңдарың,
Жасымасын жандарың,
Жас жұбайлар-ай!
Жаңылмасын жақтарың,
Асқақтасын аттарың,
Арылмасын бақтарың,
Жас жұбайлар-ай!
Жолдарыңыз жатсын әркез нұрланып,
Жақсылықпен, ақниетпен жырланып,
Шаңырақты тек шаттыққа бөлеңдер,
Махаббаттың шың-құзына бір барып.
Қайырмасы.
Өздеріңе қол соғамыз қош ала,
Тойларыңның болған жері-осы ара.
Кәрі-жастың айтатыны бір тілек:
Мызғымайтын болсын мықты босаға!





Пікір жазу