26.07.2022
  117


Автор: Бірғали Байекеев

ӘНГЕ-ҚАНАТ, ӘЛЕМГЕ - ТЫНЫШТЫҚ

Ән – адамның қос қанаты самғайтын,
Өмір сырын биіктеткен барлайтын,
Өнер деген-құдіретті серігі,
Бүгінгі болашаққа жалғайтын.
Қайырмасы:
Қанат керек әуенге
Жыр таратар әлемге.
Ән- көңілдің ажары,
Таусылмайтын базары.
Қанат керек әуенге
Нұр тартар әлемге.
Күй – жырыменен құлпырды бақ гүлі.
Шарықтайды шалқар бақыт шаттығы,
Нұрын төксін байтақ мынау әлемге,
Сұлулық пен тыныштықтың ақ күні.
Қайырмасы:
Қанат керек әуенге
Жыр таратар әлемге.
Ән- көңілдің ажары,
Таусылмайтын базары.
Қанат керек әуенге
Нұр тартар әлемге.





Пікір жазу