26.07.2022
143
КҮЙДІҢ СҰЛУ ҚАРЛЫҒАШЫ
Роза-қыз
әуен – гүлі түбектің,
Жылу құйған
Тереңіне жүректің.
Саз төгілген
Саусақтарың сиқырлы,
Көңілдерге
Күйлеріңмен гүл ектің.
Төкпелеттің
Домбырада сан күйді,
Қызыуынан
Жан балқыды, тән күйді
Гүл шырайың
әуендермен әдемі,
Әр пернеңнен гүлдің иісі аңқиды.
Егіз күмбір
қос ішектен парлайды,
Кейде күліп
кейде боздап сарнайды.
Күйдің құсы
өнер көгін өрнектеп,
Тым қиянда
жұлдыз болып самғайды.
Ой-домбыра
Алдамайды, сенемін,
Қос ішегіегіз шумақ өлеңім.
Кереметсің,
сен Роза, баршаны
Мәңгі айықпас
ләззатқа бөледің.
Өнер десе
басымды иіп тұрамын,
өнер менің
Иманым мен Құраным.
Ағындай бер
арнаң толып тоқтамай,
Күй көзінен
жаратылған бұлағым!