
ІНІМ ҮЙЛЕНГЕНДЕ
Ең керегі бұл тірлікте адалдық,
Қиындықта сыналады адамдақ.
Ақылымда жеткізейін аз ғана,
Үмітпенен қараған соң маған жұрт.
Жүр қасыңда, әлде тіптен шетке кет,
Бауырларға табысатын жоқ бөгет.
Жұбайлыққа жарасады татулық,
Жараспайды салқын тарту, өкпелеп.
Әлі жассың үлбіріген, өндірдей,
Өте көрме өмірден түк өндірмей.
Отауыңның іші толсын қызыққа,
Алып өткін әсте отын сөндірмей.
Не жетеді ынтымыққа бірлікке,
Тек сыйластық жарасады тірлікке.
Мансап, байлық жолдас емес адамға,
Туыс болсаң, тосырқама, сыр бүкпе.
Отауыңның желбіресін туы нық,
Қалмаңыздар қабақ шытып, суынып.
Ниетінде ағалардың қылау жоқ,
Шын тілісең берем жүрек суынып.
Біле – білсең, қамқоршыңның бірімін,
Сайрай-тұрғын бақ құсыңның тілімін.
Ал ағаңда еш алалық болмайды,
Қалғандарын айтқызбай – ақ біл, інім!