26.07.2022
95
ҚАНАТЫҢ БЕРІК, ҚҰЗ ЕЛІ!
Жаз еді жаным жайдары,
Мәз еді жаным айна-ды.
Естіп хабар қайдағы
Бұзылды көңіл қаймағы.
«Болсашы құлақ керең-ді..»
Дедім де тыйдым өлеңді.
Эфирден жеткен дабылға
Сенбедім ұзақ мен енді.
«Спитак» төмен шөгіпті,
Айықпас азап шегіпті.
Сілкініп қатты қара жер
Қасірет күйге бөгіпті.
Жерінде армиян қос қала,
Жүрегінде қос нала.
Қайысып белі қалыпты
Топырақ құшып жастана.
Арапат тауы айбынды,
Еңсесін басты жай күнгі.
Ахурян айтып азасын,
Еңіреп Памбак қайғырды.
Жотасын сілкіп Базумның
Ойраны соқты жазымның.
Алапат кешіп Айастан,
Сарнатты сордың сазын мың.