26.07.2022
  108


Автор: Бірғали Байекеев

ТАҒЫ ДА СОҒАН

Бар танысың болыпты
Бұл күндері бөтенің.
Танымайсың талтаңдап
Туыстың кім екенін.
Мықтыларға мансапты,
Желім бопсың жабысып.
Жаның қандай қап- қара,
Жүрсің бірақ ақ ішіп.
Арам ақша қалтаңда
талтаңдай түс, талдаңда.
Ешкім алға шықпапты,
Сенің көмек арқаңда.
Елдің ұлы емессің,
Сүрткішсің жекенің.
Азаматтар алдында
Жылтырап тұр көтенің.
Қаперіңе алмайсың
Құдайдың не етерін.
Қанша пісіп, толсаң да
Қос қадам жер-мекенің.
Жиған ақша-дәулетің,
Тұрмас молаң басыңда.
Тірлігіңе түкірдім,
Еш туыс жоқ қасыңда.





Пікір жазу