26.07.2022
  85


Автор: Бірғали Байекеев

БІРЕУГЕ

Белгілі еді-ау танымың,
Тақырдағы су едің.
Өлшеулі еді қарымың,
Түлкідейін қу едің.
Местей шәртік қарының
Ине айналмас тар еді...
Дақпырт қылған «дарының»
Хат жазуға бар еді.
Тек өзіңді көтеріп,
Елемеуші ең басқаны.
Арсыздыққа ет өліп,
Түзеліпті ас қамың.
Шынын айтсам несі мін,
Жан дүниең былыққан.
Ұмытылар есімің
Кісілікті ұмытқан.
Толтырсаң да тоймадың,
Тартынба енді, тартынба.
Өзің қалып беймәлім,
Ақшаң қалар артыңда.





Пікір жазу